Дәнелі Төлешова Украинадағы байқауда жеңімпаз атанды

18 Желтоқсан 2017, 10:59
0
Дәнелі Төлешова Украинадағы байқауда жеңімпаз атанды -

Алматылық 10 жастағы Дәнелі Төлешова "Голос. Діти" шоуының финалында сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суперфиналда Дәнелі "Не твоя війна" әнін орындап, залда отырған біраз адам және өз ұстазы Дима MONATIK көзіне жас алды. 

Көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде Дәнелі Төлешова бірінші орын иеленіп,  "Голос. Діти" төртінші маусымының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол "елдің ең үздік балалар дауысы", "Наше радио" радиоарнасында ротация жасауға үш ай мүмкіндік және Disneyland Paris демалысына саяхатты жеңіп алды.

Еске сала кетейік, алматылық Дәнелі Төлешова украиналық шоуда Деми Ловатоның Stone Cold әнін орындап, әділқазылар мен көрермендердің таңдайын қақтырған. Данэлия ән сала бастаған сәтте-ақ қазылардың барлығы оған бұрылған болатын. 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де қызға қолдау білдіріп, сенім артқанын айта кетейік. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай