05 ақпан 2014 10:23

Арақ-шараптың бағасы екі есеге өседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Елімізде алкогольдік өнімдердің бағасы Үкімет қаулысына сай екі есеге дейін өседі деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мәселен, арақ-шарап өнімдерінің акциз ставкасы 1 литріне 2014 жылы 1000 теңге, 2015 жылы 1200 теңге, 2016 жылы 1600 теңге шамасында қарастырылып отыр. Осыған орай, алкоголь өніміне төменгі бөлшек саудадағы бағаны жоғарылатуды қарастыратын Үкімет Қаулысы қабылданды. Оған сәйкес күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдеріне ең төменгі баға 2014 жылы литріне 1120 теңгені, 2015 жылы 1300 теңгені, 2016 жылы 1600 теңгені құрайтын болды. Бұған қоса алкогол өнімдерін сатуға тыйым салынатын орындардың да легі кеңейтіліп отыр. "Алкоголь өнімдерінің айналымын реттеу" туралы заң жобасына түзетулер мен өзгертулер енгізуді ұсынып жүрген Қаржы министрлігі бұған дейін базарларда, көтерме сауда базарларында, дүңгіршектерде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салуды баса айтып жүрген-ді. Ендігі кезекте аталмыш министрлік өкілдері "денсаулық сақтау, білім беру, балалар мекемелерінің ғимараттарында, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық құрылыстарда тыйым салынатын болады. Сонымен қатар, автожанармай құю стансаларында тыйым салу белгіленеді" дейді. Тоқтала кететін жайт, балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес 100 метр аумақта тыйым салу нормасы қолданыстағы заңнамада қарастырылған. Қаржы министрлігі осы норманы алып тастауды ұсынады. "Біз 100 метрге тыйым салу аумағындағы талапты алып тастауды ұсынамыз. Есесіне, алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған адамдарға сатқаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қарастырып отырмыз", - деді бұл саланың мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети