02 наурыз 2022 17:10

"Отбасы банктегі" депозит бойынша мемлекеттік сыйақы тоқтатылған жоқ - министрлік

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын іске асыру мәселесі жөніндегі заң жобасынан "Отбасы банкінің" салымдары бойынша мемлекеттік сыйақының күшін жою туралы норманы алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі бұл түзетуді "Ашық НҚА" сайтында жариялаған болатын. Ұсынылған нормалардың бірінде "Отбасы банк" салымшылары үшін мемлекеттік сыйақы төлемдерін тоқтату көзделген.

ҰЭМ мәліметінше, министрлікте 1 наурызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Отбасы банк" салымдарына мемлекеттік сыйақыны алып тастау туралы ұсынысы қаралған.

"Биыл 2 наурызда мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы талқылау қорытындысы бойынша бұл түзету заң жобасынан алып тасталды", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети