21 желтоқсан 2015 12:14

Сарапшылар 2016 жылы пәтер сатып алғысы келетіндерге кеңес айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшісіне жауап берген сарапшылар 2016 жылы жылжымайтын мүлік нарығынан не күтуге болатынын айтып берді.


Tengrinews.kz тілшісіне жауап берген сарапшылар 2016 жылы жылжымайтын мүлік нарығынан не күтуге болатынын айтып берді.

Қазақстан риелторларының Біріккен ассоциациясының мүшесі, АН Arbat Real Estate директоры Марина Грушина қалыптасқан жағдайда таяу уақытта жылжымайтын мүлік бағаларының қалай өзгеретінін болжаудың қиын екенін, бірақ баспананың ешқашан тегін берілмейтінін түсіну керектігін айтты. Сарапшы жақсы әрі жаңа баспана алушыларға таңдау барда саудаласу керек деп кеңес берді. 

Мұнымен қатар, Грушина жылжымайтын мүлік бағаларының күрт төмендеуін және пәтерлердің 2001 жылғыдай 4000-5000 доллар болатынын күтпей-ақ қою керектігін атап өтті. Алайда оның айтуынша, сатушыларға таңдау мен саудаласу мүмкіндігі туып тұр. "Қазіргі уақытта үй салушылар көп жағдайда сатып алушыларға түрлі мүмкіндік жасап жатыр. Ал қолданыста болған үйлерге келсек, әсіресе Хрущевтің кезіндегі үйлердің бағасы төмендейді. Қазіргі таңда бір бөлмелі пәтерлердің құны 25-30 мың доллар. Бірақ, әрине, мұның жаңа бағамды есептеу бойынша шығып отырғанын ұмытпайық. Осы пәтерлерді сатып алуда әр уақытта саудаласуға мүмкіндік бар. Бұл бағалар екі есе төмендейді деп айта алмаймын, себебі сатушылардың сауда нарығынан жалға беру секторына кетіп жатқанын байқап отырмыз. Бұл болса өз кезегінде жалға беру нарығына әсер етті - бағалар төмендеді", - деді ол. 

"Столичное" компаниясының директоры Жани Тұрысов та келесі жыл үй сатып алатындарға бірнеше кеңес берді. "Банкте теңгемен ақша жинап жатқандарға айтарым, сауданың сәті түсті. Ал баспана алуға доллармен жиналған қаражаты барларға мынадай кеңес беремін: қолданыста болған үй алғыларыңыз келсе іздеу мен таңдауға көп уақыт жұмсаңыздар, өздеріңіз де, кәсіби риелторлар арқылы іздеуге болады. Егер жаңа үй алғыларыңыз келсе - теңгемен бөліп төлеу жағын қарастырыңыздар. Алғашқы жарна сомасы аз болғаны жақсы. Неге? Себебі басқа бағамда үй салушыға жаңа бағаммен төлейсіз де, доллармен жасалған жинағыңызды сақтап қаласыз. Ал үй алғысы келетін, бірақ қаражаты жоқтарға айтарым, меніңше, олар ақша жинасын", - деді Тұрысов. 

Өз кезегінде, оның пікірінше, баспана жағдайын жақсартқысы келетіндер өз пәтерін сатып, жаңа пәтер алуда пайда көре алады. "Себебі нарық бір қалыпты емес, бүгінде әрбір сатушы нарықтағы жағдайды бағамдап отыра алмайды. Біз өз жұмысымызда мүмкіндікті қалт жібергендер мен келісімдар арасында қыруар пайда тауып қалатындарды күн сайын көреміз. Шамамен осындай кестені өзінің ескі пәтерін сатып, жаңадан соғылған үйлерден пәтер алғысы келетіндерге де айтуға болады. Тіпті болмаса өзінің ескі үйін доллармен сатып, жаңа үйден теңгемен бөліп төлеуге пәтер алуға болады", - деп түсіндірді сарапшы.

Қазақстан Риелторлар қоғамдық ассоциациясының вице-президенті Нина Лукьяненко жылжымайтын мүлік нарығында өтіп бара жатқан жылы болған оң әсерлерді еске алды. "Біріншіден, құрылыс компаниялары сатып алушыларға баспана ақшасын бөліп төлеуге ұсыныс жасады. Соңғы бірнеше айда тіпті түрлі нұсқа да пайда болды - кейбір компаниялар сатып алушыларға бөліп төлеуге рұқсат беріп қана қоймай, кішігірім сыйақылар да жасады. Кейбіреулері 0 пайыз алдын ала ақысыз төлемді созды", - деді сарапшы.

Оның айтуынша, жақын арада сатып алушыны келісімге келуге ынталандыратын жаңа өнімдер пайда болады. Оған мысал ретінде кейін сатып алуға мүмкіндік беретін жалға беру түрін алуға болады. Сонымен қатар, ол жаңа салынған тұрғын үйлерден баспана сатып алуды тұтынушылардың ақшасына құрылыс жүргізбейтін компаниялардан алу қауіпсіз екенін ескертті. Қаіпсіз нұсқалардың біріне дайын жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе құрылыс аяқталып, үй пайдалануға берілгенге дейін бұғатта тұратын эскроу-шот ашу жолы жатқызылды.

Жылжымайтын мүліктің бағасына келсек, оның айтуынша, баға өсуі де, төмендеуі де мүмкін. "Биыл Интернетте шындыққа жанаспайтын хабарламалар толып кетті. Дегенмен мамандар керісінше дәлел айтты. Мен де дәл уақытында қимылдау керек екенін ескертемін. Ұзақ уақыт күткеннен, ең төменгі бағаға баспана сатып алу мүмкіндігін пайдалану керек", - деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазір нарық үш буынға бөлінді. "Бірінші - қайта бағаланған құн, яғни адамдар өзінің жағдайына байланысты ең қымбат бағада баспана алуды армандайды. Екінші - баға жөнінде тұтынушылармен объективті түрде келісім жасап, жағдайды бағалай алатын сатушылар пайда болды. Бұл сатушылар ұсынған мезанизмдер - бағаға жеңілдік немесе акцияларды пайдалану арқылы тиімді бағада сатып алу. Үшінші - ең төменгі бағадан өтіп, қымбаттап жатқан жылжымайтын мүліктер. Алматыда бизнес және эконом сегментіндегі нысандар пайда бола бастады. Жылжымайтын мүлік бағасы әлі де өзгеріп жатыр - доллар эквивалентінде төменге, теңгеде жоғары қарай", - деді Лукьяненко.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети