19 ақпан 2016 11:19

Ұлттық валюта әлсірей бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 355,92-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валюта соңғы сессияға қарағанда 6 теңгеге әлсіреп отыр.

19 ақпандағы таңғы сессияда алғашқы келісім 350,19 теңгемен жасалды. Саудада төменгі баға 350 теңге болса, жоғарысы 357 теңгеге дейін көтерілді. Сауда көлемі 340,4 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 350-356 теңге аралығында сатып жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі құрлықаралық биржада Brent маркалы мұнай баррелінің құны 1,53 пайызға арзандап, 33,98 доллар болса, WTI маркалы мұнайдың баррель құны 3,393 пайызға арзандап, 30,54 долларды құрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети