25 маусым 2014 11:17

Астана күнінде ұмытылмас 4D-шоу көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube.com cтоп кадры Youtube.com cтоп кадры

Астана күні тұрғындар мен қала қонақтарының назарына ұмытылмас 4D-думан ұсынылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қаланың 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабына сілтеме жасап.


Астана күні тұрғындар мен қала қонақтарының назарына ұмытылмас 4D-думан ұсынылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қаланың 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабына сілтеме жасап.

"6-7 шілдеде болатын орасан думан - қала тұрғындарына Астананың 16 жылдық мерейтойына арналған сый!!!! Мультимедиялық 4Д-думан "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының қасбетінде өтеді. Әртістердің 3D элементтерімен араласқан жанды орындаулары қысқа бейнеәңгімелермен көркемделеді, мұндай форматтағы шоу Қазақстанда бұрын-соңды қолданылған емес. 4D-шоу бірнеше хикаядан тұрады. Алғашқы әңгіме - Отты Жігіт пен Ай Арудың махаббаты жайлы ертегі", - делінген хабарламада.

Екінші хикая "Мақсаттың жолы" деп аталады, ол жас астананың тарихы туралы. Қаланың демографиясы, құрылысы, ғылымы, спорты, экологиясы - қаланың барлық даму бағыты графика, диаграммалар, түрінде көрсетіледі. Астана күні - астаналықтар үшін жарқын оқиға, мерекеде қаланың түрлі алаңдарына жүздеген мың адам жиналады. Биылғы мерекеде көрсетілетін 4D-шоу технологиялық әрі шығармашылық бірегейлік ретінде Астананың ірі мәдени-инновациялық орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети