28 қазан 2014 11:51

Елисей даласы театрында "Абай" операсының премьерасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©academic.ru ©academic.ru

Париждегі Елисей даласы театрында (Théâtre des Champs-Élysées) Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Париждегі Елисей даласы театрында (Théâtre des Champs-Élysées) Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының труппасы Қазақстан мәдениетінің Франциядағы апталығы аясында өнер көрсетті. Кеш дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев.

Абай атындағы опера және балет театры өзінің 80 жылдық тарихында Еуропа мен Азия елдеріне балет және опера труппаларының толық құрамымен бірнеше рет гастрольге шыққан болатын. Өнер ұжымының әлемдік классикалық музыкаға қойылған шығармалары Германия, Болгария, Түркия, Қытай және басқа да елдердің опера театрлары сахнасында үлкен табыспен өтті.

Қазақстан опера өнерінің биік жетістігі - Мұхтар Әуезовтің либреттосы бойынша жазылған "Абай" операсы - Алматыдағы Абай атындағы академиялық театрдың визит карточкасы. Қойылымның премьерасы театр сахнасында 1944 жылдың 24 желтоқсанында өтті, 1958 жылы ол жаңартылып қойылды. Туындынының басты рольдерін тұңғыш болып Ришат Абдулин, Қанабек Байсейітов (Абай), Күләш Байсейітова, Шабал Бейсекова (Ажар), Әнуарбек Үмбетбаев (Айдар) сияқты өнер тарландары орындады. 2014 жылы театрдың 80 жылдығына орай көрермен назарына "Абай" операсының жаңа нұсқасы ұсынылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети