12 ақпан 2015 10:58

Теңгенің рубльге қатысты бағамының бұрынғы тепе-теңдігіне оралуға негіз жоқ - Келімбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

©etosibir.ru ©etosibir.ru

Теңгенің рубльге қатысты бағамының бұрынғы тепе-теңдігіне оралуға қажеттілік жоқ, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Астанада өткен брифингте осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теңгенің рубльге қатысты бағамының бұрынғы тепе-теңдігіне оралуға қажеттілік жоқ, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Астанада өткен брифингте осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде көптеген кәсіпорынның бүгінде көтеріп отырған үлкен мәселесі - бәсекеге қабілеттілік пен теңге өтемпаздығын қамтамасыз ету. Түрлі ұсыныстар болды, олар соңғы алты ай ішінде талқыланды, атап айтқанда, теңгенің рубльге қатысты бағамының алдыңғы тепе-теңдігіне оралу мәселесі көтерілді. Біздің көзқарасымызша, мұндай ұсыныстардың негізі жоқ", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Ұлттық банк төрағасы былтыр валютаға жасалған түзетудің теңге беріктігінің белгілі бір мөлшерін қалыптастыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. "2014 жылы алтын-валюта резервтері өсті, егер өткен жылдың қаңтар айында олар 24 миллиард болса, 2015 жылдың 1 қаңтарында олар 29 миллиардқа жақындады, яғни біз 2011-2013 жылдары болған үдерісті бұздық, ол кезде Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 37 миллиардтан 23 миллиардқа дейін төмендеген еді. Сол сияқты өткен жылы импорт азайды, тұтас алғанда біз алдыңғы жылдары қалыптасқан девальвация қаупі мен онымен байланысты шиеленіске жол бермедік", - деді Келімбетов. 

"Біздің кәсіпорындарды қолдауға келсек, бюджет бағдарламаларына да, квазимемлекеттік сектор жоспарларына да түзету енгізіледі деген шешім қабылданды, оларға құзырлы, индустриялық сауда саясаты шаралары арқылы қолдау көрсетіледі", - деді Ұлттық банк басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы елде бірсәттік шок тәрізді девальвацияға жол берілмейтінін айтқан еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети