12 қыркүйек 2015 12:52

Айдын Айымбетов ғылыми тапсырманы орындады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгін елорда әуежайында Мемлекет басшысы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғарышкерді Астана әуежайынан бір топ адам күтіп алды: Қазғарыш және Роскосмос өкілдері, шетелдік және қазақстандық тілшілер, сонымен қатар Айдын Айымбетовтың туыстары - анасы, әйелі және қызы.


Бүгін елорда әуежайында Мемлекет басшысы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғарышкерді Астана әуежайынан бір топ адам күтіп алды: Қазғарыш және Роскосмос өкілдері, шетелдік және қазақстандық тілшілер, сонымен қатар Айдын Айымбетовтың туыстары - анасы, әйелі және қызы.

Елорда әуежайы ғимаратының алдында Мемлекет басшысы ғарыш экипажының мүшелерін қарсы алды. Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен оларды құттықтады.  

"Бұл үлкен жаңалық. Біз сіздер үшін алаңдадық, сіздерді қолдадық, күттік. Қазақстандықтар еліміздің атынан үшінші рет ғарышқа ұшқан Айдын Айымбетовтың тілеуін тіледі", - деп сөзін бастады Елбасы.

"Біздің Байқоңыр ғарыш айлағымыз Қазақстанда, қазақ жерінде орналасқан. Біз ғарыш саласын меңгерген елміз. Орбитада орналасқан төрт спутнигіміз бар. Сондықтан да олар өз міндеттерін орындап жатыр. Айдын Айымбетов ғарышқа ұшып қана қойған жоқ, ол ғылыми зерттеу жұмысын орындады. Әлемде өз ғарышкерлерін ғарышқа жібере алмай отырған 200 мемлекет бар. (...) Біздің бұл салаға құйған қаржымыз жемісін береді. Ғарышқа жұмсалған қаржы бірден қайтпаса да, бүкіл әлем бұл саланы игеруге тырысып жатыр. Мәселе бүгінгі пайдада емес, бұл ғылыми-техникалық өркендеуге әкелетін жұмыс. Мемлекеттің ғарыш саласына жұмсаған кез келген қаржысының орны толады. Серіктесіміз, жақын көршіміз ретінде біз Ресеймен жұмыстарымызды жалғастыра береміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев брифинг барысында.


© Тұрар Қазанғапов

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 06.51-де "Союз" ғарыш кемесі Қарағанды облысына сәтті қонды. Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымы жақсы. Ғарышкерлер шәй ішіп, апорттан дәм татты. "Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын", - деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети