31 желтоқсан 2015 12:45

Білім және ғылым министрлігі ҚБТУ мен ҚазҰТЗУ-ды біріктіруге қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚБТУ ғимараты. © voxpopuli.kz ҚБТУ ғимараты. © voxpopuli.kz

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктіруге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктіруге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Ведомствоның мәліметінше, қазір Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен ҚБТУ-ды еліміздің ірі білім беру және ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. ЖОО мақсаты еліміздің экономикасын жоғары білікті мамандармен қамсыздандыру болады, әсіресе инженерлік-техникалық бағытта.

"Екі оқу орнының да студенттері оқуларын жалғастыра береді және тәмамдағанда қазір оқып жатқан оқу орнының дипломын алады. Қазіргі таңда оқу орындарының бөлімдерін қайта құрылымдау және қызметкерлерін қысқарту қаралып жатқан жоқ", - деді білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Тахир Балықбаев. 

Сонымен қатар, болашақта оқу орындарын мамандандыру жүргізіледі, инженерлік-техникалық және экономикалық бағыт бойынша. "Мысалы, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мұнай ісі, геология, химиялық технология бойынша маман әзірлесе, ҚБТУ - экономикалық мамандар мен ІТ-технологиялар бойынша.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық екі жетекші жоғары оқу орнын біріктіруді ұсынған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті. 

Кейін ҚазҰТЗУ ректоры Ескендір Бейсембетов екі оқу орнын біріктіргеннен кейін мамандырудың күшейтілетінін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети