04 желтоқсан 2015 15:49

Әнші Нұржан Керменбаев әке атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Нұжан Керменбаев әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Нұжан Керменбаев әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы халықтан сүйінші сұрады. "Алла Ұлық! Алла асқан дана! Алла Шебер! Сүйінші Қазақ елі! Алла ұл сыйлады! Әке болдым! Анам әже болды! Есімі - Мүслім. Қуанышты күндеріміз көп болсын", - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, Нұржан биыл 26 наурызда отбасын құрған болатын. Үйлену тойы Жезқазған қаласында - орындаушының туған жерінде өтті. Оның жарының есімі - Назерке, ол Тараздың тумасы. Нұржан мен Назеркенің жас айырмасы алты жыл.

Нұржан Керменбаев 1989 жылы 17 ақпанда Қарағанды облысының Жезді ауылында туған. 2006 жылы ол Superstar.kz-3 телевизиялық шоуына қатысып, жеңімпаз атанды. 2009 жылы Жезқазған музыкалық колледжін тәмамдаған. Сол жылы әнші Қазақстанды Юрмаладағы "Новая волна" атты жас орындаушылардың халықаралық байқауында таныстырып, 14-орын алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети