25 қазан 2017 17:16

Мақпал Жүнісова "Зың-зың" әнінің авторынан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Нұрымов Болат Нұрымов

Қайтыс болған Болат Нұрымовтың хитке айналған "Зың-Зың" әнін сынаған Мақпал Жүнісова кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.


Қайтыс болған Болат Нұрымовтың хитке айналған "Зың-Зың" әнін сынаған Мақпал Жүнісова кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.

"Жаз айында біздің Астанада берген концертте тамаша ән салып еді Болатжан,өмірден осылай жас озарыңды кім білген, кеше ғана сол концертті көріп отырып,жақсы айтады екен деп қуанып отырдым, иманың саламат болсын, "Зың-Зың" әнін сіз жазды деп естімеппін, артық айтсам, кешірерсіз", - деп жазған атақты әнші марқұмның ән салған сәті түсірілген видеоны жариялады.

 

Мұның алдында марқұмның неден қайтыс болғанын жақсын досы Сағи Алмұратов айтып берген еді. Нұрымовтың жақын досының сөзінше, белгілі әннің авторы соңғы уақытта өкпесі қабынып қатты ауырып, бір апта ауруханада жатып қайтыс болған. Сонымен қатар, ол Нұрымовтың жаназасы бүгін Шымкентте сағат 13:00-де өз үйінен шығарылатынын айтты.

"Ол 23 қазанда Шымкентте жансақтау бөліміне кешкі уақытта түсті. Ташкенте барып-келіп тұратын. Алайда жағдайы нашарлап, келесі күні, 24 қазанда қайтыс болды. Бүгін, 25 қазанда жерлеу рәсімі өтті. Ол отбасында кенжесі еді. Оның артында жақында екіге толатын баласы мен жары қалды. Өзі ән өңдеумен айналысқан, көптеген танымал жұлдыздармен бірге жұмыс істеген", - деді Алмұратов.


© Сағи Алмұратов

Baq.kz сайтының мәліметінше, Болат Нұрымов 1989 жылы Өзбекстандағы Жизақ облысында дүниеге келген. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде режиссер мамандығы бойынша оқыған. Бұған дейін өзінің жеке студиясында жұмыс істеген және Шымкенттегі "Самал" шағын ауданында тұрып келген.


© Сағи Алмұратов

Үйленгеніне үш жылдай уақыт болған. Артында әйелі және бір баласы қалды.

Еске салайық, Болат Нұрымовтың қайтыс болғаны туралы бүгін белгілі болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети