05 сәуір 2016 12:28

Әзірбайжан 70 армян әскериінің жойылғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Храяр Бадалян\РИА Новости © Храяр Бадалян\РИА Новости

Соңғы тәуліктерде Таулы Қарабақтағы қақтығыста Армения қарулы күштерінің 70 әскериі мен 20 әскери техника жойылған. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Әзірбайжанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Вагиф Даргяхлы хабарлады.


Соңғы тәуліктерде Таулы Қарабақтағы қақтығыста Армения қарулы күштерінің 70 әскериі мен 20 әскери техника жойылған. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Әзірбайжанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Вагиф Даргяхлы хабарлады.

Даргяхлы Арменияның қарулы күштерінің бір тәуліктің ішінде Әзірбайжанның Қарабақтағы шектесу аймағындағы позицияларын минометтен 120 рет атқылағанын мәлімдеді. "Әзірбайжан позицияларына, Тертер, Агдам, Физулин бағытындағы елді мекендерге ірі калибрлі пулеметтерден, 60, 82,120 миллиметрлі минометтерден, гранатометтерден, бір тәулікте 120 рет оқ атты. Әзірбайжанның қарулы күштері майдан шебіндегі жағдайды және сенбі күні босатылған территорияларды бақылап отыр", - деп атап өтті Даргяхлы.

Ал Ереван Әзірбайжан қарулы күштерінің Арменияның елді мекендерін атқылап жатқанын мәлімдеп отыр. "Өткен түні және бүгін таңғы уақыттан бері армян-әзірбайжан шекарасында шиеленіскен әскери қақтығыстың өскені байқалды. Тавуш облысындағы Бердеван мен Коти ауылдарына оқ атылып жатыр", - деп жазды Арменияның Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арцрун Ованнисян Facebook желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол әзірбайжан әскерилерінің Қарабаққа қарсы дүркіндете ататын "Смерч" реактив жүйесін және Harop израильдік соққы дронын қолданғанын мәлімдеді. 

Қазақстан СІМ Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасан болатын. "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда. Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз", - делінген министрлік өкілдерінің мәлімдемесінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети