Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев пен Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылады

06 Сәуір 2016, 16:29
0
Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости
Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости

Назарбаев пен Путин Таулы Қарабақтағы жағдайды телефон арқылы талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльге сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікірлерін айтып, оны бейбіт түрде шешу жолдарын талқылады. Путин ресейлік тараптың жағдайды түзеу мақсатында жасап жатқан аралық қадамдары жайлы құлағдар етті. 

Сонымен қатар, екіжақты әріптестіктің кейбір мәселелері де талқыланды. "Екі жақтан өзара тиімді байланыстарды әрмен қарай нығайту бойынша, бірінші кезекте сауда-экономикалық салаларда келісімдер пысықталды. Қазақстан өкілдігінің Еуразиялық экономикалық одақ контекстінде алдағы іс-шаралардың кестесі, оның ішінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы қаралды", - Ресей басшысының сайтында.

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап Қарабақ қақтығысының аймағында атыстар басталған еді. Әзірбайжан мен Армения бір-бірін тату бітімді бұзды деп айыптады.

Қазақстан СІМ Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасан болатын. "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда. Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз", - делінген министрлік өкілдерінің мәлімдемесінде.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай