14 қазан 2020 08:52

"Орел и решка" Алматы облысында сюжет түсіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Орел и решка" тағы да Қазақстан туралы бағдарлама түсіріп жатыр. Түсірілім тобы Алматы облысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Орел и решка" тағы да Қазақстан туралы бағдарлама түсіріп жатыр. Түсірілім тобы Алматы облысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Команда шығарылым туралы әлеуметтік желіде анонс жариялады. Сюжеттің эфирге қашан шығатыны айтылмады.

"Барлық келісім, рұқсатын алдық. "Орел и решка" жобасының түсірілім тобы Қазақстанға қайта келді және ендігі кезекте Алматы облысын түсіреді", - деді Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

Ол Қазақстан туралы екі шығарылымның бірі Алматы облысы болса, екіншісі қайсы екенін табуды оқырмандарына жұмбақ қылып жасырды.

Айта кетейік, Қазақстан туралы соңғы шығарылым Нұр-Сұлтанда түсірілген. Сол кезде жүргізушілер: Анастасия Ивлеева және Антон Птушкин болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.44   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети