21 шілде 2021 10:00

АҚШ Қытайды көмірқышқыл газ қалдығын азайтуға шақырды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS© REUTERS©

АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри Қытайды көміртегі қалдығын азайту үшін күш салуға және оны арттыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Boston Globe басылымына сілтеме жасап.


АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри Қытайды көміртегі қалдығын азайту үшін күш салуға және оны арттыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Boston Globe басылымына сілтеме жасап.

Керридің айтуынша, Қытай қалдықтарды жеткілікті деңгейде төмендетпесе, жаһандық жылынуды 1,5 Цельсий градус деңгейінде ұстау мақсаты "орындалмайды".

Джо Байденнің арнайы өкілі осыған байланысты Вашингтон мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық "қазіргі дүниежүзіндегі өзін-өзі өлтіруден құтылудың жалғыз жолы" деді.

Парниктік газ қалдықтарының 28 пайызын шығаратын Қытай бұған дейін 2030 жылға дейін осы көрсеткішті барынша төмендетуге міндеттеме алған, бірақ ол қашан төмендей бастайтыны түсіндірмеген.

Керри 2030 жылға қарай әрбір ірі экономика зиян қалдықтарды едәуір азайтуға міндеттеме алуы керек екенін айтты.

"Біз 1,2 градусқа жылынудың салдарын көріп отырмыз. Бұл көрсеткіштің екі еселенгенін жай қарап отырғанымыз, апатты өз қолымызбен жасадық дегенмен бірдей", - деді Керри.

Ол жаңа көмір электр станцияларын салып, тропикалық орманды әлі де заңсыз кесіп жатқан елдерді сынға алды.

"Олар қайтарылмайтын биоәртүрлілікті жойып, климатты тұрақсыздандырады", - деді Керри.

Bloomberg Climate Policy Factbook мәліметі бойынша, G20 елдері 2015 жылдан 2019 жылға дейін қазба отынын қаржыландыруды 10 пайызға қысқартқан. Алайда сегіз ел, соның ішінде АҚШ, Канада және Аустралия осы кезеңде мұнай, көмір және газға қаржылық қолдауын арттырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети