01 наурыз 2022 19:58

"Әскери қылмыс" - Зеленский Харьков орталығындағы жарылыс туралы

Украина президенті Владимир Зеленский 1 наурызда қаланың орталық алаңындағы Харьков облыстық әкімшілігі ғимаратына жасалған зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Униан" агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский 1 наурызда қаланың орталық алаңындағы Харьков облыстық әкімшілігі ғимаратына жасалған зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Униан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Харьков. Еуропадағы ең үлкен алаңға зымыран түсті. Бостандық алаңы. Ондаған құрбан. Бостандық құны осындай екен. Украина халқының таңы осы", - деді Зеленский видео үндеуінде.

Оның айтуынша, шабуыл Ресей-Украина шекарасынан 40 шақырым және Харьковтен 70 шақырым жерде орналасқан Ресейдің Белгород қаласынан жасалған.

Реклама
Реклама

"Украинадағы Харьков пен Ресейдің Белгороды бұрыннан жақын қалалар. Көп мағынада. Тіпті олардың шекарасы шартты түрде жасалған, картада ғана. Бостандық алаңы - Харьковтің бет-бейнесі", - деді президент.

Украина басшысы бұл тек әскери қылмыс емес, сонымен қатар, лаңкестік әрекет екенін баса айтты.

"Бұл - қалаға, Харьковке, Украинаға қарсы террор. Алаңда әскери нысан болған жоқ. Орталық алаңға зымыран атқылау - ашық террор. Ешкім кешірмейді, ешкім ұмытпайды. Харьковке жасалған бұл соққы - әскери қылмыс, Ресей Федерациясының мемлекеттік терроризмі. Осыдан кейін Ресей - террористік мемлекет. Әрине ол ресми болуы керек”, - деді ол.

Зеленский халықаралық қауымдастықты Ресей Федерациясының әрекетіне дереу және тиімді жауап беруге және оның әрекетін мемлекеттік терроризм деп тануға шақырды.

Басылым мәліметінше, 1 наурызда таңертең ресейлік әскерилер Харьков облыстық мемлекеттік әкімшілігі ғимаратына зымыран атқан. Жарылыс пен оның салдары түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан жарылыс болған жерде көліктер болғаны көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram