28 ақпан 2022 09:05

ФИФА Ресей құрамасын жарыстан шеттету мәселесін қарастырып жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Gettyimages.ru Фото: Gettyimages.ru

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Халықаралық олимпиада комитетімен (ХОК) және Еуропалық футбол қауымдастықтары одағымен (УЕФА) Ресей құрамасына санкция жариялау, оның ішінде команданы жарыстардан шеттету туралы сөйлесіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FIFA ресми сайтына сілтеме жасап.


Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Халықаралық олимпиада комитетімен (ХОК) және Еуропалық футбол қауымдастықтары одағымен (УЕФА) Ресей құрамасына санкция жариялау, оның ішінде команданы жарыстардан шеттету туралы сөйлесіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FIFA ресми сайтына сілтеме жасап.

ФИФА, ХОК, УЕФА және басқа да спорт ұйымдары Ресей - Украина арасындағы жағдай тез арада жақсармаса, Ресей командасын алдағы болатын жарыстардан шеттету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.

"ФИФА кеңесінің бюросы осы шешімдердің кез келгенін қабылдауға дайын. Айта кету керек, ФИФА спорттық тақырып бойынша шешімде бір болады және спорт бейбітшілік пен үміт векторы болып қалуы керек", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ФИФА Украинадағы жағдайға байланысты Ресей футбол құрамасы енді "РФС құрамасы" деген атпен тусыз мен әнұрансыз қатысуға міндетті деп мәлімдеді.

Айта кетейік, 23 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабрланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады - СІМ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети