28 қаңтар 2020 09:15

Хубей провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 100-ге жетті

© REUTERS © REUTERS

Қытайдағы қауіпті індет коронавирустан қаза тапқандардың саны бір ғана Хубей провинциясының өзінде 100-ге жетті. Бұған провинция денсаулық сақтау комитетінің мәліметтері дәлел болған, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытайдағы қауіпті індет коронавирустан қаза тапқандардың саны бір ғана Хубей провинциясының өзінде 100-ге жетті. Бұған провинция денсаулық сақтау комитетінің мәліметтері дәлел болған, - деп хабарлайды РИА Новости

Жергілікті уақыт бойынша, 27 қаңтарда сағат 24:00-ге қарай Хубей провинциясында қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны 2 714 адам болған, оның 1590-ы Ухан тұрғындары. Қаза тапқан 100 адамның 85-і Ухан қаласының тұрғыны. 

27 қаңтардың өзінде 1291 адам ауруды жұқтырып үлгерсе, оның 24-і қайтыс болған. 

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. 

Тоқаев Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді

"Синхуа" агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер коронавирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған. 2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген.

Қатерлі вирусты жұқтыру жағдайлары Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети