29 қаңтар 2020 09:15

20-дан аса қазақстандық Қытайдан оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

20-дан аса қазақстандық Қытайдан оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


20-дан аса қазақстандық Қытайдан оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның 20 азаматы Гуанчжоу мен Құлжа қалаларында болған. Олардың екеуінде дене қызуы жоғары болған (37,5) градусқа жеткен.

"Олар бірден оқшауланып, Панфилов ауданындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. Қажет сараптамалар алынды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Жарқанат сорпасы немесе жылан". Мамандар коронавирустың неден жұғатынын атады

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнар көзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Қатерлі вирусты жұқтыру жағдайлары Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген.

Ал кеше Хубей провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 100-ге жеткені белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети