14 қаңтар 2016 13:56

Индонезияда болған жарылыстардан 7 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Индонезия астанасы Джакартада болған жарылыстардан кем дегенде 7 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Индонезия астанасы Джакартада болған жарылыстардан кем дегенде 7 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, 14 қаңтарда Джакартада алты жарылыс болған, олардың бірі сауда орталығына қарама-қарсы тұста болған, оның маңында қонақүйлер мен елшіліктер және кеңсе ғимараттары орналасқан. Полицияның мәліметінше, қаза тапқандардың арасында шабуыл жасаған төрт қылмыскер бар. Қалада жарылыстардың естілгені айтылады.

© AFP 


© REUTERS

Сонымен қатар, терроризммен күрес жөніндегі полиция жасағының Starbucks кафесіне басып кіруі кезінде жарылыстың болғаны хабарланып отыр. Жарылыстың салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайлы мәлімет жоқ. Осыдан кейін кафеге полицейлер мен дәрігерлер кірген. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерінің екі машинасы келген. 

© AFP


© REUTERS

Индонезия президенті Джоко Видодо Джакартадағы жарылыстарды терроризм актісі деп атады. "Біздің ұлтымыз бен халқымыз қорықпауы тиіс, терроризм актісі бізді жеңе алмайды, қоғамымыз тыныш болады деп сенемін. Оқиға салдарынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамыз және қауіпсіздігіміз бен бейбітшілігімізді бұзып, халқымызды үрейлендіргендерді айыптаймыз", - деді мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети