15 ақпан 2017 11:20

Ким Чон Намды инемен улап өлтірді деген екі әйел тыңшы болып шықты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© interfax.ru © interfax.ru

Малайзия әуежайында Ким Чон Намды өлтірді деген әйелдердің өздері де қазір тірі болмауы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша ҚХДР басшысы Ким Чен Ынның ағасына шабуыл жасаған әйелдер тыңшы болған, - деп хабарлайды Life.ru.


Малайзия әуежайында Ким Чон Намды өлтірді деген әйелдердің өздері де қазір тірі болмауы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша ҚХДР басшысы Ким Чен Ынның ағасына шабуыл жасаған әйелдер тыңшы болған, - деп хабарлайды Life.ru.

"Олар қазір тірі емес деген ақпарат бар, бұл мәліметті тексеріп жатырмыз", - деп келтіреді Кидо басылымы мәлімет көзінің сөзін.

Оқиға болған сәтте Ким Чон Нам бетіне белгісіз сұйықтықтың шашылғанын айтыпты. Осыдан оның басы ауыра бастаған. АҚШ билігінің өкілдері бұл шабуылға Солтүстік Кореяның арнайы қызметінің қатысы болуы мүмкін екендігін айтып отыр.

Еске салайық, TV Chosun арнасы Солтүстік Корея басшысының ағасын әуежайда екі әйел улы ине салып өлтірен деген хабар таратқан еді. Содан кейін әйелдердің таксиге мініп, ізім-ғайып жоқ болғаны хабарланған. Ким Чон Нам дүйсенбіде таңғы уақытта жасалған шабуылдан кейін Путраджая ауруханасына апара жатқанда қайтыс болған.

Жоғарыда аталған ауруханада медециналық сараптама жасалмайтындықтан Ким Чон Намның мәйітін Малайзия астанасы Куала-Лумпурдың ауруханасына алып кетті.

Ким Чон Нам - Ким Чен Ирдің үлкен ұлы және қазіргі КХДР басшысы Ким Чен Ынның өгей ағасы. Ким Чон Нам Солтүстік Кореяда тұрмайды. Әкесі оны барлық мұрадан айырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети