12 қазан 2015 09:48

Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен, - деп хабарлайды Sputnik.kg.


Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен, - деп хабарлайды Sputnik.kg.

Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілі болған. Бұл туралы Жаза атқару мемлекеттік қызметінің баспасөз өкілдері хабарлаған. Оқиға 12 қазанға қараған түні болған. Оларды құрықтау кезінде ЖАМҚ-ның үш қызметкері өлтіріліп, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Мекеме қызметкері қашқындар жайлы және олардың айдап әкеткен көлігінің маркасын хабарлады. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. "Жедел ұстау" жоспары жарияланды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Милиция іздестіріп жатқандар экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, басылым милицияның іздестіріп жатқан адамдардың аты-жөндерін атап отыр:

Итибаев Алтынбек Абдиметалиевич, 1977 жылы туған, Ош қаласының тумасы. Қырғыз, бұған дейін сотталған. Белгілері: көзі қоңыр, шашы қара, дене бітімі спорттық, бойы 170-175 сантиметр. Тыйым салынған "Жайшул-Махди" партиясының белсенді мүшесі.

Абдрахманов Эдил Алимжанович, 1986 туған. Шу облысының тумасы. Қырғыз, бұған дейін сотталған. Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара. Бір көзі жоқ, тыйым салынған "Жайшул-Махди" партиясының белсенді мүшесі.

Мусуралиев Азамат Мамасеитович, 1987 жылғы. Қаракөл ауданының тұрғыны. Қырғыз, сотталған, үйленген. Белгілері: бойы 170-175 сантиметр. Дене бітімі арық, көзі қоңыр, шашы қара. Тыйым салынған "Жайшул-Махди" партиясының белсенді мүшесі.

Кадыралиев Данияр Кылычбекович, 1976 жылғы. Мин-Куш ауылының тумасы, Жамбыл ауданы. Қырғыз, осыған дейін сотталмаған. Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара. 

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға 2015 жылдың маусымында болған еді. Жергілікті колониядан жазасын өтеп жатқан екі қазақстандық қашып кеткен болатын. Кейін олардың теракт ұйымдастыруды жоспарлағаны анықталды. Олардың бірі Альберт Абхин ұстау кезінде өзін-өзі жарып жіберді. Екіншісі - Жанболат Аманов өлтірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети