08 қаңтар 2018 01:24

Сиднейде соңғы 80 жылда болмаған жоғары ауа температурасы тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CC BY 2.0/VirtualWolf/ © CC BY 2.0/VirtualWolf/

Австралияның метеорологиялық қызметі Сиднейде 47 градус температураны тіркеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Австралияның метеорологиялық қызметі Сиднейде 47 градус температураны тіркеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл соңғы 80 жылда болған ең жоғары температура, бұл жөнінде Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының синоптиктер бюросы Twitter желісінде жазды. Олардың мәліметтері бойынша, мұндай ауа райы соңғы рет континенттің көне және ірі қаласында 1939 жылы болған.

© ААР/Glenn Campbell

Билік өрт қаупі жоғары екенін және ауа температурасы аса жоғары жерлерде от жағуға болмайтынын ескертті. Тегін су алуға арналған бекеттер де орнатылды. ABC телеарнасының хабарлауынша, аптаптың салдарынан бірнеше адам ауруханаға жатқызылған.

© ABC News: Emily Laurence

 

© Bureau of Meteorology

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети