09 наурыз 2022 10:04

Ұлыбритания Польша Украинаға ұшақ жіберсе қолдау көрсететінін мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес егер Польша Украинаға ұшақтар жіберу туралы шешім қабылдаса, Ұлыбритания қолдайтынын айтты, бірақ мұның Польшаға тікелей салдары болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Уоллестің пікірінше, Польша Украинаға көмектессе, ол Ресей мен Беларусь тарапынан тікелей атыс сызығында қалуы мүмкін.

"Польшаны қорғаймыз, оларға қажет нәрсенің бәріне көмектесеміз... Польша шешімі Украинаға тікелей көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар Ресей немесе Беларусь сияқты елдердің атыс сызығында қалуы мүмкін екенін түсінеді... Мен поляктарды және олардың кез келген таңдауын қолдаймын", - деді Уоллес және Ұлыбритания украиндар қолдана алатын ұшақтарды ұсына алмайтындығын айтты.

Ұлыбритания қорғаныс министрі 9 наурызда Парламентте мәлімдеме жасап, Ұлыбритания одан ары қандай көмек көрсететінін, сондай-ақ британ үкіметі басқа елдерді қандай шара қолдануға шақыратынын айтты.
 
Бұған дейін америкалық басылым Украинадағы соғыстың үш сценарийін сипаттаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети