22 желтоқсан 2015 10:49

Жаңа жылды қай елде қарсы алу арзанға түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© smarttravel.kz © smarttravel.kz

Дубай Жаңа жылды қарсы алуға ең қымбат қала атанды. Бұл туралы Travelex компаниясының зерттеуінің нәтижесінде айтылады, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Arabian Business басылымына сілтеме жасап. Дубайда Жаңа жыл кешін өткізуге орташа есеппен 1635 дирхем (445 доллар) қаражат керек екен. 

Travelex мамандары бір адамның мерекелік дастарханының, шампан шөлмегінің, сонымен қатар түнгі клуб пен сыра пинтасының құнын есептепті. Елге ұшып келу және қонақ үйде болу ақысы сомаға қосылмаған. 

Екінші орында Нью-Йорк келе жатыр екен. Бұл қалада саяхатшы 426 долларын шығындайды. Ал үштікті Париж 312 доллармен қорытындылап тұр. Бестікке Берлин мен Амстердам қалалары кіріп отыр. Ал ең арзан қала Эдинбург - мұнда Жаңа жылды қарсы алу үшін 195 долларыңыз болса жеткілікті. 

Бағалардың мұндай айрықша айырмасы БАӘ дирхемінің айырбас бағамының жоғары болуымен түсіндіріліп отыр. Дирхем бағамы АҚШ долларына байланған. 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда дирхем бағамының австралиялық долларға қатынасы 15 пайызға жоғарылағаны айтылады. 

14 желтоқсанда Дубай қаласы World Travel Awards тұжырымы бойынша 2015 жылдың үздік туризм бағыты болып танылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети