"2 апта ауруханаға қабылдамаған". СҚО-да коронавирус жұқтырған зейнеткер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2 апта ауруханаға қабылдамаған". СҚО-да коронавирус жұқтырған зейнеткер қайтыс болды Фото: elements.envato.com

Петропавлда коронавирус жұқтырған зейнеткер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда коронавирус жұқтырған зейнеткер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Зейнеткерді 2 апта бойы аурхана қабылдамаған. Ал оның өкпесінің 60 пайызы зақымданғаны анықталғанда барлығы кеш болған.

75 жастағы Нина Савчук бірнеше күн бұрын қайтыс болған. Туыстары оның өмірі үшін шамалары келгенше күрескенін айтады. Алайда дәрігерлер зейнеткерді тым кеш емдеуге кіріскен.

"Егер уақытында көмек көрсетілсе, ауру асқынбас еді. №3 қалалық ауруханада науқасқа дәрі-дәрмектің, оттегінің көп мөлшерін берудің қажеті тумас еді. Қағазда оның жансақтау бөліміне жіберілгені жазылған. Алайда бас дәрігер оның жансақтау бөлімінде болмағанын айтып отыр. Демек, науқасқа дұрыс қарамаған ғой. Оның аман қалуға мүмкіндігі бар еді", - дейді зейнеткердің жиені Анна Карпицкая.

Телеарнаның мәліметінше, науқас коронавирустың бар-жоғына тест тапсырған. Ол оң нәтиже көрсеткен. Алайда науқастың туыстары дәрігерлер өлімнің коронавирусқа байланысты болмағанын айтып отырғанын жеткізді. Зерттеу қорытындысында: "пневмония, қоздырғышы белгісіз" деп жазылыпты.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлері әйелді коронавирус жұқтырған науқас ретінде жерлеуді талап етіп отыр. Туыстары мұның артық шығын екенін, тек қорғаныс киімдері мен дезинфекцияға 100 мың теңге жұмсалатынын айтады.

Денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

"Менің дербес деректерді жария етуге құқығым жоқ. Бұл - дәрігердің құпиясын жария ету. Науқастың өліміне әсер еткен ауру негізгі диагноз болып саналады. Созылмалы аурулар болған кезде коронавирус жағдайды одан әрі ауырлатады. Савчукке қатысты ақпаратты жариялауға құқығым жоқ", - дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмат Кусемимов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары дәрігерлердің заңбұзушылыққа бармағанын айтады. Ал Нина Савчуктің туыстары медицина қызметкерлерінің әрекетіне наразы болса да, олармен соттасқысы келмейтінін жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети