Ақтауда жол апатынан 6 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап.
Ақтауда жол апатынан 6 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 30 қыркүйекте 16-17-18-19 ықшамаудандардың қиылысында болған. Жол апатынан зардап шеккен 6 тұрғын Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына Мercedes-Benz 180 көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан тоқтамай өтіп кеткен. Салдарынан "Лада 21114" көлігіне соғылған. Соңғы көлік Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан.
"Бұл факт бойынша автотехникалық және сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Зардап шеккен тұрғындар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен алты адамның екеуі үйіне жіберілді", - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!