26 қазан 2020 15:30

Алматы Арбатында полицей соққыға жығылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео: kris_p_almaty Скрин видео: kris_p_almaty

Алматыдағы Арбатта мас ер адам полиция қызметкерін соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Арбатта мас ер адам полиция қызметкерін соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде видео жарияланған. Онда тәртіп сақшысының мас ер адамды ұстап жатқанын көруге болады.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қазанда кешкі сағат 19.00-де Алмалы ауданында болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Неадекват на Арбате, ударил все таки сотрудника, полное видео в телеге, ссылка в био ? @kris.p.telegram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

"Жібек жолы және Абылай хан көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлерінен тұрғындар көмек сұраған. Олар мас ер адамның әрекетіне шағымданған. Ол жанындағы адамдарды балағаттаған. Тәртіп сақшылары оған ауызша ескерту жасаған, алайда күдікті ашуға ерік берген. Күдіктіні полиция басқармасына жеткізбек болған сәтте ол полицейді бетінен ұрған. Ер адам ұсталып, полиция басқармасына жеткізілген", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-тармағы 1-бөлігі ("Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу барысында полицияға соққы жасаған 25 жастағы Алматы облысының тұрғыны екені анықталды. Ол осыған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети