Алматыда Кардиология орталығының маңындағы ғимарат өртенді

Фото: Алматы ТЖД

Алматыда Кардиология орталығының жанындағы ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Кардиология орталығының жанындағы ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың Төтенше жағдай департаментіндегілердің хабарлауына қарағанда, өрт сөндірушілер сағат 15.15-те шыққан және оны сөндіре бастаған.

Реклама
Реклама

ТЖД баспасөз қызметіндегілер өрттің Кардиология орталығының территориясында тұрған ғимараттан шыққанын айтты. Ол ғимараттың ішінде кір жуатын орын болған.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін жарылыс болған, сондай-ақ ғимараттың ішкі жағынан төбесі түсіп қалған. Қазір жарылыстың қаупі жоқ. Ашық жанып тұрған өрт те жоқ. Ауыздықталды", - деді Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова. 

Өрт сағат 16.07-де толық сөндірілген.

 

Айта кетейік, 14 тамызда Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды. "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаев "өрттің әдейі жасалғаны анық" деді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама