15 тамыз 2020 09:35

"Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

14 тамыз, жұма күні Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


14 тамыз, жұма күні Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақфильмде" өрт шықты. Аумағы 400 шаршы метр ошақ 23:10-да, екінші 200 шаршы метр ошақ 23:26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым", - деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter желісіндегі парақшасында.

ТЖД хабарлауына қарағанда, ауа температурасы жоғары болғандықтан өрт тез шарпыған. Өрт сөндірушілер жалынды "Қазақфильмнің" әкімшілік ғимаратына өтудің алдын алған.

Куәгерлер әлеуметтік желіге видео жүктеп жатыр. Өрт деректемелер мен декорациялар сақталған қоймадан шыққан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети