13 сәуір 2021 16:11

"Қазақфильмдегі" өрт: Бас прокуратура әлі күнге дейін тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/kazakhfilm_official Фото: instagram/kazakhfilm_official

2020 жылдың жазында болған "Қазақфильм" киностудиясындағы өрт дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2020 жылдың жазында болған "Қазақфильм" киностудиясындағы өрт дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс аясында "Қазақфильм" киностудиясында шеберхана цехы мен түсірілім алаңының өртенуіне байланысты жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр", - делінген Қазақстан Бас прокуратурасының ресми жауабында.

Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Тілек Жанғарашев соталды тергеп-тексеруге қатысты өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін атап өтті.

"Қазақфильм" студиясындағы алапат өрт 14 тамызда кешке болды. Зардап шеккендер болған жоқ. Келесі күні киностудия президенті Ақан Сатаев "өрттің әдейі жасалғаны анық" деді. Кейін өздігінен жану нұсқасы толығымен алып тасталды. Себебі қоймада жанғыш материалдар болмаған.

Кейін алдын ала шығын сомасы айтылды - 48 981 130 теңге. Нақты есеп әлі күнге дейін айтылған жоқ. Осы оқиғадан кейін киностудияға кіру тек рұқсат қағаздарымен немесе алдын-ала жазылу арқылы жүзеге асатын болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети