Қазақстандағы үздік емханалар мен ауруханалар аталды: тізімге кімдер енді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы үздік емханалар мен ауруханалар аталды: тізімге кімдер енді?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің үздік медициналық ұйымдарын атады, - деп хабарлайды TengriHealth.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің үздік медициналық ұйымдарын атады, - деп хабарлайды TengriHealth.

Үздік ауруханалар тізімі

Медициналық ұйымдар арасындағы республикалық байқаудың жеңімпаздары:

1. Үздік емхана - ШЖҚ "№17 қалалық емхана" МКК (Алматы).

2. Үздік стационар - қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (Алматы).

3. Үздік жастар денсаулық орталығы - "Жас Асыл", ШЖҚ "№2 емхана" МКК (Семей).

4. Үздік жедел медициналық көмек станциясы - Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясы.

5. "Үздік перзентхана" - № 2 қалалық көпбейінді аурухана (Астана), Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының № 1 облыстық перинаталдық орталығы, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының облыстық перинаталдық орталығы.

6. "Үздік балалар ауруханасы" - Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының қалалық балалар ауруханасы, Алматы қаласының №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы, Астана қаласы әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы.

Бұған дейін Астанада медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесіне орай қалай құттықтағаны туралы жазған болатынбыз. Еліміздің дәрігерлері, медбикелері мен провизорлары марапатталды. Астанада медициналық "Оскар" сыйлығының кімдерге бұйырғаны туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

TengriEdu