Арбаға таңылған алматылықты күзет қызметі Көк базарға кіргізбей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арбаға таңылған алматылықты күзет қызметі Көк базарға кіргізбей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 24 қыркүйекте базардың кіреберісінде болған. Куәгер оқиғаны видеоға түсірген. Кейін видеоны Instagram желісіндегі @zhest_kz парақшасында жариялаған.
Ролик авторының айтуынша, оқиға орнында арбаға таңылған әйел мен мүгедек ер адам болған.
"Күзетші бұйрық бойынша адамдарды мүгедек арбасында базарға кіргізуге болмайтынын айтты. Ал әйел базардың шет жағынан колготки сатып алғысы келген. Біз оқиға орнына әкімшілікті шақыруды талап етіп, базарға мүгедектердің не себепті кіргізілуіне рұқсат берілмегін сұрадық. Алайда күзетші агрессив әрекет етіп, бізбен төбеле жаздады. Ал біз жай ғана әкімшілікті шақыруды талап еттік? Әділдікті қалай талап етуге болады? Мүгедек қандай себептерге байланысты базардан киім сатып ала алмайды?", - дейді куәгер.
Базар әкімшілігі әлеуметтік желідегі жазбаға бірден жауап берді. Базар басшылығы мүмкіндік шектеулі жандарға шектеу жасамайтынын атап өтті.
"Есігіміз барлық келушіге ашық. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға базарға баруды шектемейміз. Біз кез келген келушінің Жасыл базарда өзін жайлы сезінуін қалаймыз. Сондықтан болған жағдайға өкініш білдіреміз. Осындай оқиға қайталанбауы үшін шұғыл және қатаң шаралар қабылдаймыз. Егер сіз жағымсыз оқиғаға тап болсаңыз немесе базардың жұмысына қатысты ұсыныстар мен ескертулер болса, Көк базардың Instagram-дағы @kok ресми аккаунтына жаза аласыз", - дейді базар әкімшілігіндегілер.
Сондай-ақ, базардың атқарушы директоры Ерлан Қалиев болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол соңғы кездері базар аумағында мүгедектердің атын жамылған адамдар тарапынан алаяқтық деректері жиілеп кеткенін атап өтті.
"Көк базар әкімшілігі мен күзет қызметі компаниясының атынан 24 қыркүйекте болған жағдайға қатысты тағы кешірім сұраймыз. Сіздерден келеңсіз жағдай тап болған жұпты табуға көмектесулеріңізді сұраймыз. Олардан кешірім сұрағымыз келеді. Кез келген шағым мен ұсыныс үшін тікелей нарық әкімшілігіне жүгіне аласыз. Телефон: +7 727 273 29 60", - дейді Қалиев.
Сондай-ақ, базар әкімшілігі оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін күзет қызметкері жұмыстан шығарылғанын жеткізді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!