Желіде Көкшетау тұрғыны Николай Панюшкин емделуге ақша жинау туралы хабар бергеннен кейін көптеген адам оны алаяқ деп атай бастаған. Ол осыдан 4 жыл бұрын бес жасар қызды құтқарып, өзі мүгедек болып қалыпты. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері өлімнен аман қалған қыздың ата-анасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы оқиғадан кейін Николай Панюшкин омыртқасынан ауыр жарақат алып, төсекке таңылған. Оған емделуге шамамен 3 миллион теңге керек екен. Осыдан бір жыл бұрын әйелі қайтыс болып, ол жалғыз қалыпты. Панюшкинге көмектесуге Екібастұздағы досы келген.
"Облыс тұрғындары бұл оқиғаға өз реакцияларын білдірді. Ер адамның баланы құтқарғанына күмәнмен қарағандар да болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Ақмола облысы полиция департаменті ювеналды полиция қызметкерлері мұрағат деректерін тексерді. Онда 2016 жылы Николай Панюшкин қызды құтқарғаны анықталды. Тәртіп сақшылары құтқарылған қыздың отбасы Көкшетаудағы Абылай хан даңғылындағы №3 үйде тұрғанын анықтаған", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері өлімнен аман қалған қыздың отбасы Зеренді ауданы Симферополь ауылында тұратынын айтады. Қыздың әжесі болған оқиғаны растады. Оның айтуынша, 2016 жылы баланың әкесі құрылыс саласында жұмыс істеген, жоғары жалақы алған. Осыған байланысты олар Абылай хан көшесі, №3 тұрғын үйден пәтер жалдап тұрған. Қайғылы оқиға болған күні анасы балаларын үйде қалдырып, дүкенге кетіпті. Кейін қыз балконнан құлап жатқан сәтте ер адам оны ұстап алған.
"Полиция құтқарылған қыздың отбасын тұрғылықты мекенжайы бойынша тапқан. Қыздың 43 жастағы анасы, әрі баланың өзі де болған оқиғаны растады. Олар Николай Панюшкинді таба алмапты, кейін отбасы ауылға көшкен", - делінген хабарламада.
Николай Панюшкинге көмек көрсету үшін мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 777 933 78 11 (Тамара Анатольевна)
Көкшетауда ер адам баланы құтқарамын деп өзі мүгедек болып қалған
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!