ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 шілде 2026 17:36
Қостанайда аспанға қою қара түтін көтерілді: не болып жатыр?
Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері ғимарат шатырындағы ашық жалынды сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, өрт Орджоникидзе көшесінде орналасқан бір қабатты жеке тұрған ТҚС ғимаратында шыққан.
@kst_pulse_media Черный дым над Костанаем: крупный пожар произошел на СТО Пожар на костанайском СТО локализовали. Пострадавших нет. «Площадь пожара 650 квадратных метров. Силами личного состава эвакуировано 5 кислородных баллонов, каждый по 8 литров. Причина пожара устанавливается», - сообщает начальник управления чрезвычайных ситуаций Костаная Аслан Махмутов. ##казахстан #костанай #чс #пожар ♬ Breaking News - Voxie
Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар ашық жалынды сөндіру бойынша шаралар қабылдады.
"Өрт аумағы 650 шаршы метр болды. Жеке құрам күшімен көлемі 8 литрден болатын бес оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 20 қызметкер мен 6 автоцистерна жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт оқшауланды", – деді Қостанай төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Аслан Махмұтов.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің мән-жайы мен шығу себебі анықталып жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу