Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері ғимарат шатырындағы ашық жалынды сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, өрт Орджоникидзе көшесінде орналасқан бір қабатты жеке тұрған ТҚС ғимаратында шыққан.
Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар ашық жалынды сөндіру бойынша шаралар қабылдады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.