ШҚО-да 9 жастағы бала екі қабатты үйдің төбесінен түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да 9 жастағы бала екі қабатты үйдің төбесінен түсірілді

Өскеменде құтқарушылар қараусыз қалған екі қабатты үйдің төбесінен 9 жастағы баланы түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде құтқарушылар қараусыз қалған екі қабатты үйдің төбесінен 9 жастағы баланы түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бала үйдің төбесіне ағаштың бұтақтары арқылы шыққан, алайда бұтақтар сынған соң өздігінен түсе алмаған. Ол кезде далада қараңғы түсе бастаған. 

Ол жарты сағат күте тұрып, айғайлап көмек сұрайды. Оны сол жерден өтіп бара жатқан әйел естіп қалады және бірден құтқарушыларды шақырады.

"Шұғыл-құтқару отрядының мамандары оқиға орнына келеді және ғимараттың төбесіне саты арқылы шығып, баланың жағдайын біледі. Бәрі дұрыс, тек төменге түсе алмай отырғанын біліп, оны жерге түсірді және анасына табыстады", - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Құтқарушылар балаларды жалғыз қараусыз қалған немесе құрылыс жүріп жатқан орындарға жіберуге болмайтынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети