Түркістан облысында жазасын өтеуші шеге жұтып қойған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысында жазасын өтеуші шеге жұтып қойған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желідегі видеодан жазасын өтеуші түрме әкімшілігіне шағым айтып, наразылық ретінде 4 шегені жұтқан сәтін көруге болады.
"Мен түрмеге түскен соң, заңбұзушылықтарды көрдім. Менің прокуратураға түсірген шағымыма байланысты мекеме басшылығы мені кабинетке шақырып қорқытты. Олар мені бірнеше рет тергеу изоляторына қамады. Егер қайта шағым түсірсем, осында қамайтындарын айтты. Мен адамдардың назарын аударту мақсатында осы шегелерді жұтамын", - дейді автор.
Tengrinews.kz редакциясы бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми түрде сауал жолдады. Комитет жазасын өтеушіге медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.
Ведомствоның мәліметінше, шегені Ибрагимов Б.Ж. есімді сотталушы жұтқан. Ол Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
"Оның денесінен заттар алынды. Оған рентген нәтижесі дәлел. Қазіргі таңда жазасын өтеушінің денсаулығы қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, департамент бұл оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізілгенін атап өтті.
"Тергеу барысында ол бұл әрекетті әдейі істегені анықталды. Ол әрекетін видеоға түсіріп, оны желіге жариялау үшін туыстарына жіберген.
Қазіргі таңда сотталушы істеген ісіне өкінетінін, мекеме әкімшілігіне шағымы жоқ екенін айтты.
Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталушының заңсыз әрекетке барғаны және ұялы телефонды қолдануға мүмкіндік бергені үшін жауапқа тартылды. Телефонның мекемеге қалай келгені анықталып жатыр", - делінген ресми сауалда.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!