14 қыркүйек 2020 | 09:14

"Ұлымның денесін тауып берсін". Құлсарыда наразы жұрт әкімдік алдында жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Сенбі күні, 12 қыркүйекте, Атырау облысының Құлсары қаласында әкімдіктің алдына 50-ге жуық адам жиналды. Тұрғындар фермер-малшы Нұралы Нұртілеуовтің жоғалса да, ешқандай шара қолданылмай жатқанына шағымданды. Бұл туралы "Ак Жайык" хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Сенбі күні, 12 қыркүйекте, Атырау облысының Құлсары қаласында әкімдіктің алдына 50-ге жуық адам жиналды. Тұрғындар фермер-малшы Нұралы Нұртілеуовтің жоғалса да, ешқандай шара қолданылмай жатқанына шағымданды. Бұл туралы "Ак Жайык" хабарлады.

Жиналғандардың көбі жоғалған малшының туыстары болды. Олар шаруаның суретімен қоса "Әділдік орнасын", "Құзырлы органдар жұмыс істесін", "Жылыойдағы бассыздық Елбасына жолдансын", "Қылмыскер табылсын" деген жазуы бар плакат ұстап шықты.

Жиналғандар "Нұртілеуов қайтыс болған, оны мал ұрылары өлтірді" деген ойын ашық айтты. Тіпті оны кім істеуі мүмкін деген адамның аты да аталды.

"Тірі болғанда оралар еді. Оны өлтірді деп ойлаймыз және күдіктінің кім екенін, оған кімдердің көмектескенін білеміз. Ол баяғыдан мал ұрлайды және үнемі жазасыз қалады, құтырып кетті", - деді туыстарының бірі. 

Тұрғындардың алдына шыққан Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов оларды сабырға шақырды.

"Тым болмаса ұлымның денесін тауып берсін. Полиция күдіктімен кездесу ұйымдастырамын деп уәде еткен, бірақ оны көрсетпеді. Ол ұсталған болса, қайда сонда?" - деді жоғалған малшының 80 жастағы анасы.

"Мен Нұралының ағасымын. Полициядағылар Нұралының денесі табылмаса, қылмыстық іс қозғалмайтынын айтты. Ол... бұрын мал ұрлайтын, енді адамға көшті", - деді Қойбағар Нұртілеуов.

Кейін аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерболат Досмағұлов "Адам өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және шұғыл-тергеу тобы құрылғанын айтты.

Малшыны тікұшақпен де іздеп жатыр, бірақ әлі табылмады.

6 қыркүйекте "Боздақ" шаруашылығының бастығы Нұралы Нұртілеуов жылқыларын іздеп шыққаннан кейін оралмаған. Оның қыстағы Құлсарыдан 100 шақырым жерде Қарамұрат аулында орналасқан. Ол жылқыларын су ішуге келмеген соң мотоциклмен іздеп кеткен.

7 қыркүйекте оның отбасы аудандық әкімдікке жүгінген. Содан кейін ТЖ қызметкерлері екі көлікпен, жергілікті тұрғындар, полицейлер итпен іздеп шыққан.

Даладан мотоциклдің үстіне жабатын төсеніш, қамшысы, кейін мотоциклдің өзі табылған. Бірақ малшы әлі жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети