Жапонияда Момо лақап атымен танылған 12 жастағы қыз 24 жастағы Момоко Ямасакимен ММА ережесі бойынша жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Bloody Elbow.
Жапонияда Момо лақап атымен танылған 12 жастағы қыз 24 жастағы Момоко Ямасакимен ММА ережесі бойынша жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Bloody Elbow.
Кездесу әуесқой санатта өтеді. Ережеге сай екі спортшы да бастарына қорғаныс жабдығын киеді, ал партер кезінде бастан соққы жасауға тыйым салынған. Жекпе-жекті Deep Jewels ұйымы 20 мамырда Токио қаласында өткізеді.
Қазіргі уақытта Момоның салмағы - 39 келі. Ұйымдастырушылардың келісімі бойынша, қыз бала жекпе-жекке бір күн қалғанға дейін бес келі қоспайтын болса, алаңға шығуына тыйым салынады.
Ямасаки аралас жекпе-жекте бесінші рет шыққалы отыр. Осыған дейін ол екі рет жеңіп, екі рет жеңілген болатын. Момо болса бірінші рет шыққалы отыр.