14 жастағы мәнерлеп сырғанаушының есімі тарихқа кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 жастағы мәнерлеп сырғанаушының есімі тарихқа кірді

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Александра Трусова әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау жарысында тарихта бірінші болып төрт реттік лутц жасады. Спортшының өнер көрсеткен сәтінің видеосы Youtube желісіндегі ISU Junior Grand Prix каналында жарияланды.

Төрешілер ерікті бағдарлама кезінде Трусованың орындауына техникалық элементтерге байланысты төмен баға бергісі келсе де, спортшы қыз 146,7 балл жинады. Нәтижесінде 14 жастағы Трусова Каунаста өткен жарыста жеңімпаз атанды.

Ресейлік спортшы 6 қыркүйекте өткен қысқа бағдарламада 74,74 балл алған. Бұл - әлемдік рекорд.

Трусова - Этери Тутберидзенің шәкірті. Оған бұдан өзге де тарихи жетістіктер тиесілі. Ол әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанауда бірінші болып төрт реттік секірудің өзге түрлерін орындаған - сальхов және тулуп.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети