04 қыркүйек 2017 | 10:20

15 жасында анорексиядан зардап шеккен ресейлік қыз 18 жасында фитнес-жаттықтырушы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com © Instagram.com

Ставрополь қаласының 18 жастағы тұрғыны Вера Шульц спортпен айналысып, дене жаттығуларына арналған бағларламаларды дайындайды. Instagram желісіндегі парақшасында 33 мың оқырманы бар. Үш жыл бұрын Вера Шульц 33 келі ғана тартып, өлім мен өмірдің арасында болған, - деп жазады L!FE.ru.


Иконка комментария блок соц сети

Ставрополь қаласының 18 жастағы тұрғыны Вера Шульц спортпен айналысып, дене жаттығуларына арналған бағларламаларды дайындайды. Instagram желісіндегі парақшасында 33 мың оқырманы бар. Үш жыл бұрын Вера Шульц 33 келі ғана тартып, өлім мен өмірдің арасында болған, - деп жазады L!FE.ru.

Басылымның мәліметінше, бұрын Вера Шульц қатарластары секілді сымбатты дене сымбатын армандаған. Балетпен де айналысқан. Қыз 33 келі болғанда үнемі талып қалып, қарапайым физикалық жұмыстарды істей алмағанын еске алады.

"Сол кезде мен лифт жоқ үйдің бесінші қабатында тұратынмын. Сонда маған өз қабатыма дейін көтерілу үшін шамамен бір сағаттай уақыт кететін", - дейді қыз. Вераның айтуынша, ол анорексиямен өз бетінше күресіп, спортзалға бара бастаған.

Қыз сол сәтте салмақ жинаудан қатты қорыққан екен. Бірақ қуанышқа орай, 18 жастағы қыз барлығын жеңе алды. Қазіргі уақытта қыз өз денсаулығына мұқият қарап жүр.

Қазір Вера спорт залында жұмыс істейді, басқа қыздарға мінсіз фигураны сақтауға көмектеседі. Ресейлік қыз Instagram желісіндегі парақшасында жаттығу жұмыстарының суреттерін жариялап отырады. Сондай-ақ, ол басқа жасөспірім қыздарға диета ұстаудың қаупі жайлы ескертіп отырады.


© Instagram

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети