Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңартылған ITF рейтингінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды.
Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақындады. Сондай-ақ, Дамир Жалғасбай 60-тан 31-сатыға, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға ауысты.
Айта кетейік, олар 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!