18 жастағы қазақстандық гимнаст Аустралиядағы әлем чемпионатында ауыр жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 жастағы қазақстандық гимнаст Аустралиядағы әлем чемпионатында ауыр жарақат алды © instagram.com/milad_milka/

18 жастағы қазақстандық гимнаст Милад Карими Аустралияның Мельбурн қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 жастағы қазақстандық гимнаст Милад Карими Аустралияның Мельбурн қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Карими Instagram желісіндегі парақшасында жарақат алған сәтінде түсірілген видеоны жариялап, былай деп жазды: "Даусымен көріңіз! Мынау менің жағымнан шығып жатқан дауыс емес, қолымның сынған сәтіндегі дыбыс. Мені қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Бүгін ота жасады, сүйектерді жинап, қайта қалпына келтірді". 

Тағы бір постында ол өзі үшін осы маусымның аяқталғанын айтты. "Үшжүзінші. Қолдағандарыңыз үшін рақмет! Маусымда аяқталдыү Үш жерден сынды, бір жерім жарылған", - деп жазды Карими. 

Айта кетейік, 2017 жылы Карими тұңғыш рет Қазақстан тарихында әлем кубогында спорттық гимнастикадан "күміс" медаль иеленген еді. Алматылық спортшы еркін жаттығуда бар білгенін салды. Сондай-ақ ол Монреальдағы (Канада) жарысқа жолдама алып, тоғызыншы орынға табан тіреді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети