©Аlmaty-marathon.kz
20 сәуірде Алматыда "Бірінші болуға батылдық!" атты ІІІ қайырымдылық марафоны өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап. Ұйымдастырушылар Алматыда ақпан айының соңынан бері марафонға қатысушылар үшін қоғамдық жаттығуларды бастап кетті. Алматы марафоны – ірі ғаламдық қозғалыстың бір бөлшегі. Белгілі бір қашықтықтарды көпшілік болып жүгіріп шығу жарыстары әлемнің жетекші қалаларында трендке айналды. Алматы бұл қайырымдылық шарасын 2012 жылы 21 мамырда тұңғыш рет өткізді. Ал былтыр оңтүстік астана марафоны Марафондар мен жарыстардың халықаралық қауымдастығына (AIMS) мүше болды. Сөйтіп, Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондары сияқты Алматы жарысына да халықаралық мәртебе берілді. Биыл бұқаралық қайырымдылық шарасы 20 сәуірде сағат 06.00 мен 15.00 аралығында өтеді. Жарысқа жасы 10-нан жоғары кез келген адам қатыса алады. ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдынан басталатын марафон "Нұрлы Тау" бизнес орталығы арқылы Орталық стадионға дейін барады. Желаяқтар жас шамасына қарай 3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым, 42,195 шақырым қашықтықтарға жүгіру және экиден (эстафета) сындарына қатысады. Осы экиден сайысында қаладағы түрлі компаниялардан корпоративтік командалар бәсекелеспек. "Алаш Медиа Групп" холдингінің құрамасы да жарыстан тыс қалмайды. Бірінші жылы бұл шараға 2500 адам қатысса, 2013 жылы 6000-нан астам алматылық жүгірген, ал биыл желаяқтар қатары 10 мыңнан асуы мүмкін. Марафонның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен жас спортшыларды қолдау, азаматтар мен ірі компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейту және ең бастысы – республика үшін мәні зор қайырымдылық жобаларға қолдау көрсету. Сайысқа қатысушылар ұйымдастыру комитетіне өтініш білдіргеннен кейін сөре жарнасын төлеуі тиіс. Жиналған қаражат қайырымдылық шараларға жұмсалады. Атап айтқанда, ұйымдастырушылар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-зерттеу институтының онкология бөлімшесін жабдықтауға және шұғыл емге зәру балаларға көмек көрсетпек. Марафонға қатысушыларды тіркеу 15 қаңтарда басталды, Аlmaty-marathon.kz сайтында тіркеу 10 сәуірге дейін жүргізіледі. 20 наурызда "Мега" сауда – ойын-сауық орталығында офф-лайн тіркеу басталады. Айта кетейік, марафонды ұйымдастырушылар арасында Алматы қаласының әкімдігі, World Class Almaty фитнес-клубы, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы және "Алматы Универсиадасы – 2017" Атқарушы дирекциясы" мемлекеттік қоры бар.
20 сәуірде Алматыда "Бірінші болуға батылдық!" атты ІІІ қайырымдылық марафоны өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар Алматыда ақпан айының соңынан бері марафонға қатысушылар үшін қоғамдық жаттығуларды бастап кетті. Алматы марафоны – ірі ғаламдық қозғалыстың бір бөлшегі. Белгілі бір қашықтықтарды көпшілік болып жүгіріп шығу жарыстары әлемнің жетекші қалаларында трендке айналды.
Алматы бұл қайырымдылық шарасын 2012 жылы 21 мамырда тұңғыш рет өткізді. Ал былтыр оңтүстік астана марафоны Марафондар мен жарыстардың халықаралық қауымдастығына (AIMS) мүше болды. Сөйтіп, Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондары сияқты Алматы жарысына да халықаралық мәртебе берілді.
Биыл бұқаралық қайырымдылық шарасы 20 сәуірде сағат 06.00 мен 15.00 аралығында өтеді. Жарысқа жасы 10-нан жоғары кез келген адам қатыса алады. ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдынан басталатын марафон "Нұрлы Тау" бизнес орталығы арқылы Орталық стадионға дейін барады. Желаяқтар жас шамасына қарай 3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым, 42,195 шақырым қашықтықтарға жүгіру және экиден (эстафета) сындарына қатысады. Осы экиден сайысында қаладағы түрлі компаниялардан корпоративтік командалар бәсекелеспек. "Алаш Медиа Групп" холдингінің құрамасы да жарыстан тыс қалмайды.
Бірінші жылы бұл шараға 2500 адам қатысса, 2013 жылы 6000-нан астам алматылық жүгірген, ал биыл желаяқтар қатары 10 мыңнан асуы мүмкін. Марафонның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен жас спортшыларды қолдау, азаматтар мен ірі компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейту және ең бастысы – республика үшін мәні зор қайырымдылық жобаларға қолдау көрсету.
Сайысқа қатысушылар ұйымдастыру комитетіне өтініш білдіргеннен кейін сөре жарнасын төлеуі тиіс. Жиналған қаражат қайырымдылық шараларға жұмсалады. Атап айтқанда, ұйымдастырушылар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-зерттеу институтының онкология бөлімшесін жабдықтауға және шұғыл емге зәру балаларға көмек көрсетпек. Марафонға қатысушыларды тіркеу 15 қаңтарда басталды, Аlmaty-marathon.kz сайтында тіркеу 10 сәуірге дейін жүргізіледі. 20 наурызда "Мега" сауда – ойын-сауық орталығында офф-лайн тіркеу басталады. Айта кетейік, марафонды ұйымдастырушылар арасында Алматы қаласының әкімдігі, World Class Almaty фитнес-клубы, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы және "Алматы Универсиадасы – 2017" Атқарушы дирекциясы" мемлекеттік қоры бар.