Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

2013 жылы басы дауға қалған палуан Шынкеев "Қазақстан Барысы-2015" жеңімпазы болуға ниетті

26 Мамыр 2015, 14:51
0
© Сonfederation.kz
© Сonfederation.kz

2013 жылы басы дауға қалған палуан Шынкеев "Қазақстан Барысы-2015" жеңімпазы болуға ниетті. Ол бұл туралы Vesti.kz басылымға берген сұхбатында айтты.

"Өзімді жақсы сезінемін, мен өз бабымдамын. Бұйырса, осы жылы "Қазақстан Барысы" атағын жеңіп алуға тырысамын. Мен жеңгім келеді. Облыстық іріктеуде бірінші орын алып, финалға өттім", - деді ол.

Ержан қарсыластарының арасында өзі танымайтын спортшылардың да бар екенін айтты. "Жыл сайын қазақша күреспен айналысатын жастардың саны артып келеді. Бұл осы спорт түрінің кең таралуына септігін тигізеді", - деді Шынкеев.

Айта кетейік, Шынкеев 2013 жылы "Қазақстан Барысы" турнирінің финалына өтіп, Айбек Нұғымаровпен кездесуде жеңіліп қалды. Осыдан кейін Шынкеев төрешілердің шешіміне наразылығын білдірген болатын. Осы қылығы үшін оның басы дауға қалып, ол 2014 жылғы турнирді өткізіп алды. Осы жылы Шынкеев "Қазақстан Барысы" турнирінің финалында өнер көрсетеді.

"Қазақстан Барысы-2015" 5 шілдеде Астана қаласында өтеді. Осы жылы турнир бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Сайыс жеңімпазына 150 мың доллар, автомобиль, чемпиондық белбеу мен алтыннан жасалған "Тайтуяк" естелігі беріледі. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай