2014 жылдың үздік спортшылары мен спорт журналистері марапатталды

05 Ақпан 2015, 11:01
0
2014 жылдың үздік спортшылары мен спорт журналистері марапатталды - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
2014 жылдың үздік спортшылары мен спорт журналистері марапатталды - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
2014 жылдың үздік спортшылары мен спорт журналистері марапатталды -
2014 жылдың үздік спортшылары мен спорт журналистері марапатталды - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов
2014 жылдың үздік спортшылары мен спорт журналистері марапатталды - Vesti.kz тілшісі Всеволод Хван марапаттау рәсімінде. ©Тұрар Қазанғапов
Vesti.kz тілшісі Всеволод Хван марапаттау рәсімінде. ©Тұрар Қазанғапов
2014 жылдың үздік спортшылары мен спорт журналистері марапатталды - Vesti.kz тілшісі Всеволод Хван. ©Тұрар Қазанғапов
Vesti.kz тілшісі Всеволод Хван. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2014 жылдың үздік спортшыларын марапаттады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зілтеміршілер Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаев, боксшылар Геннадий Головкин мен Данияр Елеусінов, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, жүзуші Дмитрий Баландин, қазақша күрес бойынша палуан Айбек Нұғымаров үздік спортшы атанды. Ал әйелдер арасында үздік спортшы атағына боксшы Назым Қызайбай мен теннисші Зарина Дияс қол жеткізді. Сонымен қатар, спортшылардың бапкерлері де сыйлық алды.  

Бірнеше спортшы бөлек аталымдар бойынша марапатқа ие болды: Жазира Жаппарқұл ("Спорт киімі"), "Ольга Сафронова (Жыл жаңалығы), Владимир Седов ("Жеңіске деген талпынысы үшін"), Динара Сәдуақасова ("Ел мақтанышы") және тағы басқа спортшылар. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Салтанатты шара соңында спорт журналистері арасында өткізілген Сейдахмет Бердіқұлов атындағы республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды. Асқар Бейсенбаев ("Казахстанская правда"), Фархат Әмренов (Павлодар) және Рауан Оқасов ("Алматы" телеарнасы) жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Бек Төлеуов ("Астана Спорт"), Айжан Құрмашева ("Алматы" телеарнасы), Ғабит Сапарбеков, Аян Күшбаев (KazSport телеарнасы), Всеволод Хван (Vesti.kz) және Жанна Тұрбаева (Қарағанды облысы мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі) сияқты журналистер де марапатталды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай