"Алау" мұзайдын сарайының директоры Наиль Нұров 2022 жылғы Олимпиада ойындарын Алматы мен Астана қалаларына бөлу керек деп есептейді. Ол бұл ойын Vesti.kz-ге берген сұхбатында айтты.
"Алау" мұзайдын сарайының директоры Наиль Нұров 2022 жылғы Олимпиада ойындарын Алматы мен Астана қалаларына бөлу керек деп есептейді. Ол бұл ойын Vesti.kz-ге берген сұхбатында айтты.
Нұров Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстанның сұранысын мақұлдаған жағдайда "үнемді" Олимпиада өткізу керек деп есептейді. "Біз өз сұранысымызды шамамен былай тұжырымдауымыз қажет: Алматыда Олимпиада ойындары қымбатқа түспейді, әрі берекелі, ақылды болады", - деді ол.
"Біз ойынды өте қатал үнемділікпен өткізуіміз керек. Мұның бірден-бір жолы Олимпиада ойындарын Алматы мен Астана арасына бөлген жөн. Әрине, бұл идея соншалықты жаңалық емес, себебі біз Азия ойыны кезінде осылай еткенбіз. Бұл тәжірибе өте сәтті шықты деп батыл айтуымызға болады. Өздеріңіз ойланып қараңыздар, "Медеу" мұз айтынын бұзып жатпаймыз, тек Олимпиада алында оның шатырын жапсақ болды. Немесе коньки тебетін жаңа стадион салу керек. Біз коньки тебетін барлық бағдарламаны, мәнерлеп сырғанау, керлинг, ерлер және әйелдер арасындағы хоккей жарыстарын Астанада өткізе аламыз. Салтанатты шараның бірін, ойындардың ашылуын немесе жабылуын "Астана Арена" стадионында өткізуге болады", - деді Нұров.
Бұл ретте Олимпиада ойындарын екі қалада өткізу идеясы көпшілікке ұнамауы мүмкін: "Көбі бұлай етуге болмайды, ешкім бұлай істемеген, бұрыннан келе жатқан дәстүрді бұзбайық деп айтатынына сенімдімін. "Бірақ дүние өзгеріп келеді, өздеріңіз қараңыздар, УЕФА Еуропаның болашақ чемпионатын 16 егеменді мемлекетке бөлуден қорыққан жоқ! Ал біз ойынды екі қалада өткізуден неге қорқуымыз керек?". Наиль Нұровтың сұхбатын мына жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығына Алматы мен Бейжің үміткер. Шілдеде Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы комитеті Қазақстанның оңтүстік астанасымен бірге Осло (Норвегия), Бейжің (Қытай) қалаларын да үміткер ретінде бекіткен болатын. Бірақ кейін Норвегия астанасы өз өтінішін қайтарып алды.