31 шілде 2015 | 10:09

2022 жылғы Олимпиаданың қай елде өтетіні қашан белгілі болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty-2022.org © almaty-2022.org

Қазақстан үшін 31 шілде тарихи күнге айналуы мүмкін. Себебі бүгін, Астана уақыты бойынша шамамен 15.45-те 2022 жылы Олимпиада ойындарын қай елдің өткізетіні белгілі болады, яғни ол мүмкіндік Алматыға беріле ме, жоқ па анықталады. Оңтүстік астанамыздың жалғыз бақталасы - Бейжің. Осы екі қала Ақ Олимпиаданы өткізуден үмітті.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан үшін 31 шілде тарихи күнге айналуы мүмкін. Себебі бүгін, Астана уақыты бойынша шамамен 15.45-те 2022 жылы Олимпиада ойындарын қай елдің өткізетіні белгілі болады, яғни ол мүмкіндік Алматыға беріле ме, жоқ па анықталады. Оңтүстік астанамыздың жалғыз бақталасы - Бейжің. Осы екі қала Ақ Олимпиаданы өткізуден үмітті.

XXIV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарының астанасы Куала-Лумпурда Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) отырысында таңдалады. Бұл шараны KazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Алматының өтінім беруімен басталған малайзиялық шығарылым көрермен назарына Астана уақытымен 08.30-да ұсынылып, сағат 09.55-те Бейжіңнің таныстырылымы басталды. Ал 15.30-да қай қаланың таңдалғаны туралы қорытынды жарияланады.

Айта кетейік, ХОК-тың сессиясын тікелей эфирден сағат 15.00-ден бастап Алматыдағы Республика Сарайының алдындағы алаңнан көруге болады. Бұл жерде жүздеген алматылықтың қатысуымен флешмоб өтеді.

Айта кетейік, Алматының өтінімін Куала-Лумпурда шенеуніктер мен саясаткерлерден өзге (Кәрім Мәсімов, Ахметжан Есімов, Тимур Құлыбаев, Бердібек Сапарбаев, Қайрат Боранбаев), атақты қазақстандық спортшылар - Денис Тен, Серік Сәпиев, Ермахан Ибраимов, Елена Хрусталева, Юлия Галышева, Сабина Алтынбекова және тағы да басқалар таныстырады. Презентацияның ұзақтығы бір жарым сағатқа созылады - 45 минут таныстырылымға және 45 минут сұрақтарға жауап беруге.

Айта кетейік, кеше, 30 шілдеде Алматы әкімі Ахметжан Есімов, Малайзия астанасында сөз сөйлеп, 2017 жылға дейін Олимпиада-2022 нысандарының 80 пайызы дайын болады деп мәлімдеді. Әкімнің мәлімдеуінше, қазір Алматыда екі спорт сарайы мен спортшыларға арналған атлетика қалашының құрылысы жүріп жатыр. Есімовтің айтуынша, 2014 жылдан, яғни Олимпиада өткізуге өтінім бергелі бері қаланың экономикасы екі есе артты, инфрақұрылым жақсарып, спорт және мәдениет нысандары жетілдірілді. 

Айта кетейік, Олимпиаданы өткізуге кететін тікелей шығынның көлемі - 1,7 миллиар доллар, ал жанама шығын - 4,5 миллиар. Алайда Ойындарды ұйымдастыру комитетінің болжамдары бойынша, шамамен 3 миллиар доллар кіріс болады.

Vesti.kz спорт порталының мәліметінше, халықаралық сарапшылар Бейжіңнің мүмкіндігі Алматыға қарағанда көп деп отыр. 

 © almaty-2022.org

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети